Украина азаматтарына қайтарымсыз қаржылық көмек

Бұл қалай жұмыс істейді?

Біз соғысты тоқтата алмаймыз, бірақ зардап шеккендерге көмек беруге мүмкіндігіміз бар.


Қазақстандағы Украина елшілігінің қолдауымен осы сайт іске қосылды. Аталған сайт арқылы кез келген тілек білдіруші Украина тұрғындарына ақшалай аударым ретінде өтеусіз қаржылық көмек жасай алады.


Көмек Украинаның әртүрлі аймақтарына таратылатын азық-түлік, жеке гигиена құралдары және басқа да қажетті заттарды сатып алуға жұмсалады. Қажетті өнімдер тізімі аймақтардан жіберілетін қажеттіліктерге байланысты Украинаның Сыртқы істер министрлігінде қалыптастырылады. Барлық жұмсалған сомалар бойынша біз дүкендердің шот-фактураларымен, сондай-ақ , біздің әлеуметтік желілерімізде фото арқылы есеп береміз.


Бірлесіп көмектесейік!

Шығындар туралы есептерді алыңыз